Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында 61 жастағы тұрғыннан 1,5 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Железин ауданы ауылдарының бірінің тұрғынынан есірткі тәркіленді.
Аталған есірткі ауыл тұрғыны үйінің учаскесінде орналасқан үйде және тұрғын емес құрылыста тінту іс-шараларын жүргізу кезінде алынды. Сараптама қорытындысы бойынша, марихуана есірткі құралының жалпы салмағы 1,5 келіні құрады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.