Павлодарлық шенеунік мәселемен келген тұрғынды психикалық ауруханаға жібермек болған

27 Қараша 2020, 00:45
1356
Бөлісу:
Павлодарлық шенеунік мәселемен келген тұрғынды психикалық ауруханаға жібермек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда қабылдауға келген тұрғынды психикалық ауруханаға жіберу үшін арнайы бригада шақырған шенеунік қызметінен босатылды. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты.

Павлодар әкімі аппаратының басшысы Қайыржан Оңғаров қызметінен босатылды. Ол өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазды. Оның қабылдауына кірген әйел әкіммен кездесіп, қазақ тілін қолдау мәселелері бойынша сөйлескісі келген, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Өзгелердің жаңалығы