Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Silence киберспорт тобы 100 000 АҚШ долларын ұтып алды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының мәліметінше, Сингапурда өткен «Free Fire World Series-2021» халықаралық киберспорт сайысында мектептің 9-сынып оқушысы Әмір Қанатов «SILENCE» командасының құрамында өнер көрсетіп, III орынды иеленді.
Әлем бойынша іріктеуден 12 команда өтті. Оның ішінде «SILENCE» атты Қазақстан құрамасы III орынды иеленіп, 100 мың доллар ұтып алды, - деді облыстық қазақ гимназия-интернатында.
Айта кетсек, I орын иегерлері 500 мың доллар, ал II орын 250 мың долларға ие болды.