Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Железин ауданында «Эпов» шаруа қожалығы «Агробизнес» бағдарламасы аясында оңтүстік африкалық Dorper тұқымды қой сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Бұл туралы тұрғындардың алдында онлайн форматта 2020 жылдың қорытындысы бойынша есеп берген аудан әкімі Қанат Қашкиров айтты.
Агроөнеркәсіп кешені қашан да өңір экономикасының негізгі саласы болып келді және болып қала береді. Асыл тұқымды репродукторлардың оң мысалы ретінде «Эпов» шаруа қожалығын атап өткім келеді. 2020 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша шаруа қожалығы Ирландиядан «Герефорд» тұқымды 90 бас ірі қара сатып алды. Ендігі уақытта Dorper тұқымды қой өсіруді жоспарлап отыр, - деді Қанат Қашкиров.Бұдан басқа, Веселая роща ауылында «Астық ПВ» ЖШС 600 басқа арналған тауарлы сүт фермасының құрылысын бастаған.
Бір жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешенде 1 миллиард теңгеден астам сомаға өнімді суару, өңдеу және сақтау салаларында 8 инвестициялық жоба іске асырылған.
Алдағы уақытта пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және тарту бойынша жұмысты барынша күшейту қажет. Тауарлы сүт және ет өндірісін ұлғайту бойынша белсенді шаралар қабылдау маңызды. Табиғи-климаттық жағдайлар мен пандемияға қарамастан, ауданның аграршылары барлық агротехникалық шараларды оңтайлы ұсынылған мерзімде өткізіп, лайықты өнім жиналды. Ауыл шаруашылығы техникасының паркі 111 бірлікке жаңартылды, - дейді Қанат Қашкиров.Айта кетерлігі, дорпер қойлары – көп шығын мен күтімді талап етпейді. Қалың терісі жоғары бағаланады және қатты климаттық жағдайда төзімді болып келеді. Былғарысы әлемдегі сұранысы жоғары қой терісі болып табылады және Cape Glovers атауымен сатылады.