Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық полицейлер Армения Республикасынан жеткен қайта жабдықталған, яғни рулі оңнан солға ауыстырылған көлік құралдарын уақытша тіркеу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, осы уақыт аралығында қайта жабдықталған автокөліктердің 12 иесі темір тұлпарларын тіркеп үлгерген. Оның екеуі - Май ауданының, біреуі - Баянауыл ауылының және тоғызы - Павлодар қаласының тұрғындары.
«НацЭкС» ЖШС Қостанай филиалының сынақ зертханасына сынақ жүргізу үшін өз көліктерін ұсынған автокөлік иелері көлік құрылымының қауіпсіздігін тексеруге арналған хаттамалар алды (ППБКТС). Осыдан кейін олар көлікті тіркеу үшін Павлодардағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, онда техникалық паспорт пен Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірін алды. Бұл процедура көп уақытты қажет етпейді және көп күш жұмсамайды, - дейді департаментте.
Полиция департаменті егер де Армениядан әкелінген көліктердің рөлі оңнан солға қарай қайта жабдықталған болса, көлік құрылымының қауіпсіздігін тексеруге хаттама алу үшін көлікті сынақ зертханасына тапсыру қажет екенін еске салады.
Бүгінгі таңда Қостанай («Нацекс» ЖШС Қостанай филиалы) және Алматы қаласындағы («КазО» ЖШС Алматы-Стандарт) тестілеу орталықтары көлік құралын тексеру хаттамасын беруге рұқсат алды.
Тіркелу үшін жеке куәлік, көлік құралын тіркеу туралы куәлік және Армения Республикасының уәкілетті органы берген мемлекеттік нөмірлік белгілер болуы керек.
Автокөліктерді тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.