Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылы іске қосылған «Наш продукт» ЖК бұл істі 2018 жылдың наурыз айынан қолға алған, деп жазады pavlodarnews.kz.
«Көбінесе супермаркеттермен көтерме баға бойынша жұмыс істейміз. Екібастұзда 20-дан астам нүкте біздің өнімді сатады. Павлодарда мейрамханалар мен дәмханаларға тасымалдаймыз. Негізгі серіктесіміз - «Greenwich» сауда желісі мен «Атриум» супермаркеті. Екі базамыз бар. Бірі Екібастұзда 500 басқа және екіншісі Қарағандыда 2000 басқа арналған», - дейді кәсіпорын басшысы Евгения Шелудько.
Кәсіпкер бөдененің алты түрін өсіреді: эстон, техасс, маньчжурск, қара смокинг бөдене, танюшкин бройлер фараоны мен «қызыл телпек». Селекциялық сұрыптары бір-бірінен сипаттамасы бойынша шығарылады. Бұл ет және жұмыртқа беретін түрі.
«Бөдене жақсы күтімді талап ететін құс. Таза ауа мен таза су, өзіндік микросфера керек. Дұрыс тамақтанбаған жағдайда жұмыртқа бермей қояды. Жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы. Сақтау мерзімі - алты ай. Жылына 200 шақты жұмыртқа береді. Күн сайын жұмыртқа алуға болады. Бұл құстарды 4-5 айында етке соямыз. Маринадтаудың ерекше құпия тәсілі бар. Жұмыртқаны кішкентай шаммен сүрлеп алғаннан кейін сүрлейміз. Қаптамасы ашылған болса бірден жеп қойған дұрыс», - дейді Евгения Шелудько.
«Наш продукт» ЖК Қарағанды және Қостанай өңірлерінің нарығына шығуды жоспарлап отыр. Басты бәсекелестері бөдене шаруашылығы жақсы дамыған еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан.
Отбасылық кәсіп жастарға арналған бизнес жобалар «StartUp Болашақ» мемлекеттік байқауына қатысып, жеңімпаз атанғаннан кейін басталған. Бұдан кейін «Бизнес Бастау», «Бизнес кеңесші» бойынша «Ұлттық өнім» көрмесіне қатысқан. 100 АЕК көлемінде грантқа құрал-жабдық, екі тоңазытқыш сатып алған.
«Бұл біз үшін үлкен қолдау болды. Маринадталған жұмыртқаның төрт – алқызыл, көк қосылған, сүрленген және ащы түрін шығаруды көздеп отырмыз. Павлодарға өнімді саудалай бастағаннан бастап сұраныс төрт есеге өсті. Жолдасым мен қызым көмектеседі», - дейді ол.