Павлодардан Астанаға тұрақты рейстерді қайта іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті әуежай әкімшілігіне сілтеме жасап.
29 қазаннан бастап рейстер аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады. Билеттер сатылып жатыр, - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Дегенмен әуежай сайтында жол жүрудің нақты бағасы көрсетілмеген. Әзірге Алматы арқылы транзитті есепке ала отырып, бір жолаушыға орташа есеппен 105 мың теңгені (216,4 доллар) құрайды деген болжам бар.