Павлодардан Арктикаға дейін. Павлодар тұрғыны Қиыр Солтүстік туралы кітап шығарды

6 Маусым 2024, 17:45
469
Бөлісу:
Павлодардан Арктикаға дейін. Павлодар тұрғыны Қиыр Солтүстік туралы кітап шығарды
Фото: автордан

Павлодар қаласының тумасы, саяхатшы Қиыр Солтүстікке барған экспедициясы туралы кітап шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар география үйінің төрағасы, Қазақ ұлттық география қоғамының басқарма кеңесінің мүшесі, журналист Александр Вервекиннің «Арктика. Велькицкий аралы» атты кітабы 500 данамен оқырманға жол тартты.

Павлодардан Арктикаға дейін. Павлодар тұрғыны Қиыр Солтүстік туралы кітап шығарды

Үш жыл бұрын Солтүстік Мұзды мұхиты Велькицкий аралына экологиялық экспедициямен бардым. Бір ай ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген азаматтармен аралда кезінде жұмыс істеген метерологиялық станциядан қалған зиянды заттарды жинаумен айналыстық. Қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтардың қатарында металл бөлшектері, жанар-жағармай болды. Қазақ даласында өскен мен үшін ақ аюлар арасында тұру ғажайып дүние болды. Экспедиция кезінде біз үшін таңсық болған нәрсе, ол - бұғы еті. Осы сапарымда алғаш рет бұғы еті мен полярлық жидектерінің дәмін таттым. Мақсатымыз – аралда экологиялық тазалық шараларын жүргіздік. Бір айлық сапарым туралы ойларымды кітапқа топтастырдым. Экспедиция кезінде қойындәптеріме жазбалар қалдырып отырдым, - дейді кітап авторы.

Кітап халықаралық экспедицияға арналғанмен, автордың түпкі мақсаты - халықты қоршаған ортаны аялап, табиғатты қорғауға шақыру. Кітапта әлемдік экологиялық мәселелерге қатысты ғылыми расталған мәліметтер де келтірілген.

Айта кетейік, бұл – жас жазушының төртінші туындысы. Бұған дейін «Журналистің Берлиндегі стажировкасы», «Люксембургтен Ташкентке дейін: саяхаттар пен кездесулер», «Шынайы аңыздар» атты кітаптары өз оқырманын тауып үлгерді.

Өзгелердің жаңалығы