Павлодардағы түзеу мекемесі 1 мамырды тойлады

1 Мамыр 2022, 12:13
1846
Бөлісу:
Павлодардағы түзеу мекемесі 1 мамырды тойлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/4 ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде сотталғандарға арналған концерт өтті. 

Мекеменің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, салтанатты жиында Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық славян мәдени орталығының әртістері өнер көрсетті. 

Павлодардағы түзеу мекемесі 1 мамырды тойлады

Әртістер мен шығармашылық ұжымдар сотталғандар назарына әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық ән мен биінен шашу шашты. 

Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары өнерлерін ортаға салды.  «Славянки» вокалдық ансамблі әннен шашу шашса, «Лола» хореографиялық ансамблі би биледі. Өзбек этномәдени бірлестігінен Нұрым Шаймардан өнерлерін паш етті. 

Павлодардағы түзеу мекемесі 1 мамырды тойлады

– Мемлекет басшысы айтқандай "Біздің  азаматтарымыз үшін келісім, толеранттылық-бұл мәдениеттер мен тілдердің өзара кірігуіне байланысты өмірдің өзі, жанды шындық", - деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Ербол Жасқайратұлы.

Өзгелердің жаңалығы