Павлодарда жылу беру желісінде апат болып, көшеде ыстық су атқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Pavlodarnews.kz мәліметінше, жылу беру желісіндегі апат сорғы стансасы іске қосылған кезде орын алған, сондай-ақ Мүткенов көшесінде атқылап жатқан ыстық субұрқақтың жоғары температурасы 65 градусты құрайды.
"Павлодарэнерго" АҚ бұл ақпаратты растады.
Диаметрі 400 мм тоқсандық жылу желісінің зақымдануы №4 сорғы станциясын іске қосу кезінде пайда болды. Коммуналдық қызметтер апаттық учаскеде су беруді тоқтатты. Жөндеу бригадалары зақымдалған жерде жұмыс істеуде, - делінген хабарламада.