Астаналық кардиохирургтер Павлодар қаласында жүрек қалқаншасын ауыстыру бойынша шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды Павлодароблысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Жүрек қалқаншасын ауыстырудың озық әдістерімен ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының дәрігерлері бөлісті. Мамандардың айтуынша, операцияның осы түріне егде жастағы азаматтар арасында сұраныс жоғары.
Облыстық кардиологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі Руслан Байсебеновтың айтуынша, ота азминвазивті, яғни, кішкентай тілік арқылы жасалады. Сонымен қатар, жүрек қызметі тоқтатылмайды.
Біздің пациенттер – 75 жастан асқан қарттар. Оларға хирургиялық әрекеттерді жасауға кеңес берілмейді. Оған қоса, операцияны жасау уақыты 2-3 есеге қысқарады және оңалту шаралары тез жүргізіледі. Қалқанша сыр бергенде азаматтарда демікпе пайда болады. Сонымен қатар, адам кенеттен қайтыс болуы керек. Біз үш науқасқа ота жасаймыз. Операциядан соң аурушаңдық болмайды. Науқастар үйреншікті тіршілігіне орала алады. Операциялар тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Сондықтан, бірегей хирургиялық тәсіл саналады, - дейді Руслан Байсебенов.
Айта кетейік, елімізде аорталды қалқанша бойынша озық технологияла операциялар 2015 жылы алғаш рет жасалған. павлодар облысында соңғы алты жылда 100-ден астам клапан салынған. Әлем бойынша 275 мыңна астам жүрек қалқаншалары импантацияланады.