Павлодарда жұмысшының үстіне балқыған металл төгіліп кеткен

10 Маусым 2021, 01:27
1559
Бөлісу:
Павлодарда жұмысшының үстіне балқыған металл төгіліп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда жазатайым оқиға салдарынан кәсіпорындардың біріндегі темір оюшы қайтыс болды. Ер адамға шөміштен балқыған металл төгіліп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 маусым күні Павлодар қаласының кәсіпорындардың бірінде 32 жастағы тұрғын жарақат алған.

Ауруханаға термиялық күйік алған адам түсті. Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Күйік алған азамат №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. 1989 жылы туған адамның денесінде төртінші дәрежелі 90% күйік болып, таңғы 5:15-те қайтыс болды.
Өзгелердің жаңалығы