Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар орталығында карантин кезінде эротикалық массаж салоны жұмыс істеген. Ол туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Тәртіп сақшылары эротикалық массаж салоны жұмыс істегенін арнайы рейд барысында анықтаған. Сол сәтте мекеме әкімшісі мен салонда массаж жасайтын төрт қыз ұсталған.
Қыздар 20-22 жас аралығында. Олардың барлығы – Павлодар облысының тумалары. Қыздар коронавирус жұқтыру қаупіне қарамастан, клиенттерді қабылдап, пайда табуды көздеген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы және 463-бабы бойынша күдіктілерді жауапқа тарту үшін іс облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді, - деді облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.