Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодарда жол апатынан бір адам қаза тапты

26 Шілде 2025, 20:46
518
Бөлісу:
 istock
Фото: istock

2025 жылдың 26 шілдесінде Павлодар – Семей тасжолының Аққулы ауылына жақын жерде ауыр жол апаты болды. Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне түсіп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында бір жолаушы қайтыс болып, тағы екі адам түрлі жарақаттар алды.

Тергеу амалдары басталып, сараптама жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайлар анықталуда. Құқық қорғау органдары апаттың себептерін анықтау үшін тергеуді жалғастыруда.

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерге жолда белгіленген жылдамдықты сақтау, жолдың ерекшеліктерін ескеру және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап отыру маңызды, – делінген Полиция департаментінің ресми хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы