ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
9 сәуір сағат 20:30 шамасында Ақсу қаласының маңындағы Ленинский-Курчатов және Ақсу-Үштерек автожолдарының қиылысында Toyota Corona және Audi-80 соқтығысты.
Салдарынан Audi-80 автокөлігінің 2021 жылғы жас жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Audi-80 жүргізушісі, 29 жастағы және 28 жастағы жолаушылар жарақат алып, Ақсу қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.