Павлодардың төтенше жағдайлар департаменті отқа оранған үйде қалып қойған әйелді құтқарған қала тұрғынын іздеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті 7 қыркүйекте Павлодар қаласы Гоголь көшесі, 284 және 286 мекенжайында болған өрттің куәгерлерін іздеп жатыр.
Сондай-ақ жанқиярлық танытып, жанып жатқан үйден әйелді алып шыққан Иса атты жас жігіттің жауап беруді сұрайды. +7 (771)172-61-78 нөміріне хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, 7 қыркүйек күні сағат 15.56 кезінде 101 пультіне хабар түскен. Қоңырау шалған адам Г оголь көшесіндегі 284, 286 үйлер жанып жатқанын жеткізген.
Жалынды аузыдықтауға 6 техника, 25 құтқарушы жұмылдырылды.
Өрттен 2 азамат зардап шекті. 1957 және 1985 жылы туған әйелдер №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.