Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды

Павлодар облысында өлімге әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.

10 Наурыз 2025 2025, 10:09
 Павлодар облыстық ПД 10 Наурыз 2025 2025, 10:09
10 Наурыз 2025 2025, 10:09
1189
Фото: Павлодар облыстық ПД

Павлодар облысында өлімге әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.

Павлодар – Семей автожолында, Аққулы ауылынан 12 шақырым жерде екі автокөлік соқтығысып, салдарынан “Тойота Corolla Spacio” көлігінің жүргізушісі ауруханада көз жұмды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға ауа райының өзгерістеріне назар аударуды, жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе қарқынды қозғалыс учаскелерінде және көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауда ұстауды ескертеді, – деп атап өтті ведомство.

Наверх