Павлодарда жалға берілген 42 сотық жер жекеге сатылып кеткен

6 Сәуір 2023, 08:45
757
Бөлісу:
Павлодарда жалға берілген 42 сотық жер жекеге сатылып кеткен
Фото: astanatv.kz

Павлодарда жалға берілген 42 сотық жер жекеге сатылып кеткен. Ойын-сауық орталығы бой көтеруі тиіс аумаққа жаңа иесі элиталы тұрғын үй салмақ. Бұған тұрғындар үзілді-кесілді қарсы. Айтуларынша, үйдің ауласында балалар ойнайтын алаң қалмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, үй ауласында бұдан өзге ойын алаңы болмаған. Енді балаларды қайда апарарын білмей жүр.

Бұған дейін де шағын аудан халқы құрылысқа қарсы екендерін айтып, әкім қараларға хат жазған. Алайда, оған құлақ асқан ешкім болмапты.

Ал әкімдіктегілер 42 сотық жердің жалға берілгенін айтады. Алайда, оны алған кәсіпкер екінші бір адамға сатып жіберген көрінеді.

Жерді ұзақ мерзімге алса, 5 жыл және арғы жылға алса сол мүмкіндігі бойынша сата алады. 2015 жылы сол жер 5 жылға ұзақ мерзімге берілген болатын. Мемлекеттің аренда болған жерін сатып алу шарты бойынша басқа адамға сатып жіберген болатын, - деді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нариман Қайырленов.

Жердің жаңа иесі бұл аумаққа енді көпқабатты тұрғын үй салмақ. Әуел баста мұнда сауда орталығы бой көтереді деп жоспарланған. Алайда, кәсіпкер жердің нысаналы мақсатын өзгертіп жіберіпті.

Өзгелердің жаңалығы