Павлодарда заңсыз жұмыс істеген 21 шетелдік құрылысшы ұсталды

12 Сәуір 2023, 18:37
758
Бөлісу:
Павлодарда заңсыз жұмыс істеген 21 шетелдік құрылысшы ұсталды
VIDEO
Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысында 21 шетелдік нысан құрылысында заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасы азаматтарының 21 жастан 57 жасқа дейінгі заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыру фактісін анықтады. 

21 шетелдік азамат объектінің құрылысына тартылып, бұл ретте еңбек қызметін жұмысқа орналасуға рұқсатсыз, ауызша шарт бойынша жүзеге асырған. 

Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК 5-бөлігінің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. ЖШС-нің 34 жастағы басшысына, ҚР азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. 100 АЕК айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы