Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодарда заңсыз вейп саудасы әшкереленді

Кеше, 23:52
112
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Павлодарда электронды темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті шекпейтін темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз өткізу дерегі бойынша тергеу жүргізді.

Өнімдер Telegram желісіндегі үш онлайн-дүкен арқылы, курьерлік жеткізу жолымен сатылған. Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім тәркіленді.

Қылмыстық табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталарын рәсімдеген «дропперлерді» пайдаланған. Тергеу дерегінше, вейптердің негізгі тұтынушылары мектеп оқушылары мен студенттер болған.

Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған үш автокөлікке – Toyota Land Cruiser, Toyota Highlander және Chevrolet Camaro маркалы көліктерге тыйым салынды. Іс бойынша төрт күдікті қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы