Павлодарда заңсыз АӘК алған 46 отбасы қаржыны қайтарған

21 Наурыз 2020, 07:44
1495
Бөлісу:
Павлодарда заңсыз АӘК алған 46 отбасы қаржыны қайтарған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде 2020 жылдың 1-тоқсанында 3487 отбасы АӘК алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Камалова 2020 жылдың 2-тоқсанына АӘК алу үшін өтініштер қабылдаудың жаңа алгоритмі бекітілгенін айтты. 

Еске салайық, сайтымызда бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек бойынша бекітілген жаңа алгоритм жарияланған болатын. 
 

Биылғы жылдың 1-тоқсанында облыс бойынша 3487 отбасынан 15 мыңнан астам адам 364 миллион теңгеден астам АӘК алды. Сондай-ақ 1-6 жастағы балалары барларға кепілді әлеуметтік пакет беріледі. Ондай пакетті өңірімізде 4 мыңға жуық бала алады. Бүгінде 3687 бала алды, осы айдың соңына дейін қалғанына жеткізіледі. Оған қоса, 4-тен көп баласы бар отбасылар арнайы жәрдемақы алады. Бүгінде облысымызда 6497 бала 295 млн теңгеге бұндай жәрдемақы алады. АӘК алушы отбасылардың ішінде 134 адам жұмыспен қамтылды, – деді Гүлнара Камалова. 


Павлодар қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау секторының меңгерушісі Айнұр Мұқашбекова өткен жылы облыс орталығындағы табысын жасырған 46 отбасы өз еркімен қаржыны қайтарып, сонымен қатар 2 іс сотқа жіберілгенін атап өтті. 
 

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Павлодар қаласында 1324 отбасыға 93,3 миллион теңгеге АӘК тағайындалды. Өкінішке орай 2019 жылы табысын жасырғандар да бар. 46 отбасы өз еркімен 52 миллион теңге қаржыны қайтарды. Одан бөлек, 2 іс сотқа жіберілді. Бұл қос отбасыға зейнетақы 2 ай кеш түскен. Олар зейнетақы алатындарын көрсетпеген. Сот шешімі бойынша олар 500 мың теңгеден астам қаржыны қайтаруға міндеттелді, – деді Айнұр Мұқашбекова. 

  
Айта кетейік, Павлолдар қаласы бойынша АӘК туралы сұрақтармен қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 32-17-28, 32-11-80 нөміріне, жұмыспен қамту орталығына 21-54-85 нөміріне хабарласуға болады.


 

Өзгелердің жаңалығы