Павлодардағы кардиохирургиялық орталықта жыл сайын төрт мыңнан астам операция жасалады

21 Қаңтар 2019, 20:25
2391
Бөлісу:
Павлодардағы кардиохирургиялық орталықта жыл сайын төрт мыңнан астам операция жасалады

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Павлодардағы кардихирургиялық кластерсаладағы табысты жоба ретінде танылды. Бүгінде бірнеше медициналық қызмет біріктіріліп, жемісін беруде.

Облыстағы аймақтық кардиохирургиялық орталықтың директоры Әділ Дюржановтың мәліметінше, ұйым құрылғалы бері 20 мыңнана астам ота жасалған, олардың жеті мыңнан астамы ашық жүректе орындалған.

«Орталық алты жыл бұрын ашылды. Қазіргі таңда жылына төрт мыңнан астам күрделі және қарапайым операция жасауға мүмкіндіктеріміз бар. Отандық жүрек дәрігерлері шетелдік әріптестерімен иық тірестіріп, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуде. Дәрігерлер жоғары технологиялы операцияларды4 жаңа түрлерін енгізуде. Кластер шеңберінде жедел медициналық көмек, санавиация, емханалық және кардихирургиялық қызметті біріктірдік. Нәтижесінде аймақта жүрек ауруларынан келетін өлім-жітім 30%-ға, ал жүрек ақауларын ерте кезде анықтау көрсеткіші 100%-ға жетті», - дейді Әділ Дюржанов.

Бүгінгі таңда орталықтың білікті мамандары жүрек оталарының 50-ден астам түрін жасаудың технологияларын меңгерген. Мәселен, мамандар жүрек соғысының бұзылуын емдеудің озық технологиясын енгізді. Себебі, бұл дерт кең тараған. Оны емдеп, сырқаттарды бақылауда ұстау мақсатында электрофизиологиялық зертхана іске қосылды.

«Бұған дейін жүрек соғысының бұзылуын емдейтін бөлімше болмаған еді. Сол кезде сырқаттар Алматы, Астана қалаларындағы және шетелдік емханаларға баруға мәжбүр еді. Бүгінде ол күндер артта қалды. Біз халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсету деңгейіне жеттік. Пациенттерге сапалы көмек көрсету үшін заманауи навигациялық жүйені енгіздік», - дейді орталықтың электрофизиологиялық зертханасының меңгерушісі Дамир Қапшақбаев.

Айта кетейік, соңғы екі жылдың ішінде кардиорталық ұжымы 15 жас маманмен толықты.

Ақмаржан Әділбек

Фото автордікі

Өзгелердің жаңалығы