Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Павлодар облысында коронавирусты жұқтырған адамдар туралы хабарлады.
Павлодар облысында коронавирусты жұқтырған 3 адам анықталды. COVID-19 Екібастұздың 3 тұрғынынан табылды, олар: 1989 жылғы ер адам, сонымен қатар 2006 жылғы қыз бала мен 2008 жылғы ұл бала. Барлығы өздеріне дейін коронавирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған, – делінген хабарламада.Бәрінің араласқан адамдар ортасы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы қаралар қолға алынған.
22.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста жалпы 37 адам коронавирусты жұқтырған.