Облыс басшылығы трамвай жолдарын екі шағын ауданға дейін ұзарту мәселесін қарастыруда тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
Трамвай шаруашылығын модернизациялау ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында орындалмақ. Бұл бағыттағы жұмыс шеңберінде жолдарды жөндеу, желілер мен қосалқы станцияларды жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.
Мамандардың хабарлауынша, биыл сегіз трамвай жолы жөнделмек. Айта кетейік, бүгінде қолданыстағы 111 вагонның ішіндегі 30 вагонның нормативтік мерзімі аспаған. Яғни, 70 вагонды алмастыру қажет етіліп отыр.
«Трамвай желісін Екінші Павлодар шағын ауданына ұзарту мәселесі көтерілген болатын. Бұл тұрғындардың ұсынысы болатын. Ал мақсат – халық үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету», - дейді облыс әкімі Асайын Байханов.
Сала мамандары, сонымен қатар, жаңадан салынып жатқан «Достық» шағын ауданына да трамвай жолдарын ұзарту жағын қарастырып жатыр. Қос мәселе бойынша ұнысыстан осы жылдың 15-ші ақпанында айтылмақ.
Еске сала кетейік, Павлодар – Қазақстанда трамвай шаруашылығын сақтап қалған жалғыз қала. Бүгінде вагондар 14 бағыт бойынша жүреді. Қала ішінде ғана емес, шаһар сыртындағы өндіріс ошақтарына да жұмыскерлерді тасымалдайды. Экологиялық таза әрі қауіпсіз қоғамдық көлік жоғары сұранысқа ие.