Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Генерал Дүйсенов көшесінде орналасқан ағаш ғимарат өткен түнде отқа оранды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Оқиға орнында түсірілген көптеген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тарады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрт туралы хабар 20 маусым күні сағат 00:38-де түскен.
Жеке тұрған бір қабатты ағаш ғимарат өртенді. Ғимараттың «Просто Мария» тігін салоны орналасқан бөлігі жанды. Қалған бөлігі пайдаланылмайды. Шатырдың ағаш құрылымдары толығымен, ағаш қабырға жартылай 550 шаршы метр аумақта өртенді. Өрт түнгі сағат 3-те сөндірілді. Апаттың алдын ала себебі – әдейі өртеу, - деді өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Дмитрий Димитрюк.
Департаменттің хабарлауынша, оқиға орнына жеке құрамның 38 адамы мен 8 техинка жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.