Ол Усолка өзені жағасында демалып жүрген. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 17:12 ЖҚК қызметкерлері Усолка өзенін патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан әйелді көрген.
Оқиға орнына құтқарушылар Райымбек Қашкенов пен Рустам Жетпісбаев жедел бөлімшенің құтқару қайығымен суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, әйел таныстарымен демалып жүрген әрі мас болған.
Оқиға орнына 102 және 103 қызметі шақырылды. Әкімшілік хаттама жасалды.