Павлодарда синтепон өндірісі қолға алынады

20 Сәуір 2021, 18:53
1527
Бөлісу:
Павлодарда синтепон өндірісі қолға алынады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде синтепон өндірісі қолға алынды. Өнімнің алғашқы партиясы бір айдан соң нарыққа жөнелтіледі деп күтілуде. 

Павлодар облысындағы матрацтардың ірі өндірушісі синтепон жасайтын құрылғыны сатып алған. 

Кәсіпорын басшысы Александр Вайводтың айтуынша, осы уақытқа дейін матрац жасауға қажет синтепон Қостанай қаласынан тасымалданып отырған. Енді қажетті шикізат Павлодарда шығарылады. 

«Бизнес Ертіс» бағдарламасының көмегімен синтепонды да өзіміз шығаратын болдық. Матрац өндірісінің толық циклін жасаумен қатар, тығыздалған синтепонды бөлек сататын боламыз. Қазіргі уақытта бір айда үш мыңнан астам мамық матрац жасап шығарамыз. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа синтепон өндіру желісін сатып алдық. Сонымен қатар пластмассаның кез келген түрін жасайтын құрылғы сатып алды. Осылайша шикізат беруші әріптестерімізге тәуелді болмаймыз. Оған қоса қаражат үнемделеді, - дейді Александр Вайвод. 

Өндіріс ошағы матрацтарды бір жыл бойы шығарып келеді. Бүгінде тұтынушыларға өнімнің сегіз түрін ұсынуда. Қазір «комфорт» және «люкс» санатындағы мартацтар Қазақстанның тоғыз өңіріне тасымалданады. 

Айта кетейік, кәсіпорынның жұмысы карантин кезінде тоқтаған жоқ. Пандемия ушыққан кезде матрацтар инфекциялық стационарлар, қонақүйлер мен өзге де емкемелерге жеткізіліп тұрды. Сұраныс арта түсті. 

Еске салсақ, «Бизнес Ертіс» - аймақтың кәсіпкерлеріне қолдау көрсетіп, бизнес-климатты жақсартуға бағытталған бағдарлама. Бүгінде бағдарламаның концепциясында 36 жоба ұсынылған. Сонымен қатар 600-ге жуық қосалқы жоба бар. Жалпы өңірде шағын бизнесті қолдаудың 90-нан астам құралы бар.

Өзгелердің жаңалығы