Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді

Кеше, 23:28
122
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодарда салынып жатқан көпір аумағынан өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бүгін Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті «101» пультіне көпір аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Жанған материалдар – жылу оқшаулағыш және ағаш конструкциялар, - делінген хабарламада.

Өрт ошағы жерден шамамен 30 метр биіктікте болғанына қарамастан, ТЖМ қызметкерлерінің үйлесімді әрекетімен өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді.

Қауіптің таралуына жол берілмеді, зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы