Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан адамның мәйіті табылды

8 Қараша 2025, 11:52
357
Бөлісу:
 Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ТЖД мәліметіне сәйкес, қайтыс болған адамның денесі бүгін таңғы 4:31-де үйінді астынан анықталған.

Құтқарушылардың айтуынша, кинологтардың көмегімен, арнайы авариялық-құтқару құрылғыларын және жылувизорды пайдалана отырып, ғимарат опырылғаннан кейін жоғалған ер адамның орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік болған.

Таңғы уақытта жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар оның денесін үйінді астынан тауып, сыртқа алып шықты, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салайық, Павлодарда салынып жатқан мектеп ғимараты 7 қарашада құлаған. Шақыру шамамен кешкі бес шамасында түскен, оқиға орнына жедел түрде дәрігерлер мен құтқарушылар жеткен.

Өзгелердің жаңалығы