Павлодарда қонақүйден өрт шығып, 200 адам эвакуацияланды

8 Желтоқсан 2022, 13:45
1071
Бөлісу:
Павлодарда қонақүйден өрт шығып, 200 адам эвакуацияланды

Павлодарда «Сары-Арқа» қонақүйінің бірінші қабатында шыққан түтінге байланысты 220 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 03:18-де түскен. Орынға 5 бірлік техника, төтенше жағдай департаментінің 25 қызметкері, өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқару жұмыстары, Медицина және апаттар орталығының қызметкерлері аттанды.

220 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар. Өрт 03.59-да оқшауланып, 04.06-да жойылды. Бір адам түтіннен уланып, Павлодардағы бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Бұл 1969 жылы туған ер адам, – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдай департаментінен.

Өзгелердің жаңалығы