Павлодарда қалдықтарды қайта өңдеу зауыты іске қосылады

12 Маусым 2019, 10:23
2409
Бөлісу:
Павлодарда қалдықтарды қайта өңдеу зауыты іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы Қазақстанда қалдықтарды жою және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын алғашқы АЭА болады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Бұл жобаны іске асыру жеке инвесторлардың инвестициялары есебінен инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымды салуға бөлінген 150 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын үнемдейді», - деді «Павлодар» АЭА басшысы Айбек Тұрсынғалиев. 

Оның айтуынша, жоба шаршуашылық жұмыстарының қоршаған орта және халықтың денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінін анықтайтын кешенді іс-шаралардан өтті. 

«Бұл өз кезегінде қалдықтарды қауіпсіз жою және қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Инфрақұрылымдық жоба «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының техникалық-экономикалық негізінде жасалған. Оның мерзімінен бұрын іске асырылуы мемлекеттік бюджетті үнемдеу мәселесін шешу мен инвесторлардың қалдықтарды қайта өңдеуге және олардың өнеркәсіптерінен тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Айта кетейік, бүгінде еліміз бойынша қалдықтарды сұрыптайтын және өңдейтін 130-дан астам кәсіпорын бар.

Өзгелердің жаңалығы