Павлодарда өзен жағасынан граната табылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері&nbsp; аумақты қоршауға алып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.</h4>

 15 Сәуір 2021 2021, 07:37
15 Сәуір 2021 2021, 07:37
2002

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері  аумақты қоршауға алып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Сағат 19:30 шамасында полицияға Усолка өзенінен гранатаға ұқсас заттың табылғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына Павлодар облысы ПД жару-техникалық тобының қызметкерлері департаменттің кинологиялық қызметінің қызметкерлерімен бірге келді. Тексеруден кейін граната арнайы капсулаға орналастырылды, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.       

Полиция қызметкерлері қала тұрғыны бұл затты балық аулау кезінде тауып алғанын анықтады. Аталмыш факт тіркеліп, сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі. Табылған зат қауіп төндірмейді. 

Наверх