Павлодарда өртке қарсы шаралар пысықталды

4 Маусым 2019, 22:00
1700
Бөлісу:
Павлодарда өртке қарсы шаралар пысықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Павлодар облысы тұрғындарының өртке қарсы амалдарын арттыруға бағытталған жұмыс күшейтілді. Өртті мемелекеттік бақылау инспекторлары, кезекшіліктен бос гарнизон қызметкерлері жүргізді.

ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, бұл тұрғын үйлерде, саяжай учаскелерінде, басқа да қоғамдық орындарда өрттің алдын алуға мүмкіндік береді.

"Саяжай учаскелері мен бау-бақша кооперативтері бойынша рейдтерде тәртіп бұзушылық барын көрсетті. Саяжай аумағын өткен жылғы шөптен және қоқыстан жинау аяқталғанымен, жеке меншік иелері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, қоқысты өртейді. Оларды инспекторлар бірінші рет ескертті, жаңа заңнама бойынша тәртіп бұзушыларды әкімшілік жаза күтетінін түсіндірді", - делінген таратылған ақпаратта.

20 сәуірден бастап Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері тәулік бойғы кезекшілікке екі бекет ашады. Бұл туралы бағбандық төрағалары хабарлады.

"Тек бір күнде облыстың қалалары мен аудандарына 16 рейдтік топ шығып, құрамында азаматтық қорғау қызметкерлерінен басқа жергілікті полиция қызметінің өкілдері мен волонтерлер қатысты. 414 үй қамтылды, 950 жадынама берілді, одан бөлек бір мыңнан астам өңір тұрғындарынмен кездесу өтті", - делінген таратылған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы