Павлодардағы тойханада жаппай уланған жұқпалы аурулар ауруханасының науқастарына нақты диагноз қойылды – олардың сальмонеллезбен ауырғаны анықталды. 30-дан астам адам бұл мекемеге әр күн сайын әр түрлі тойға келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Маусымның 7-сі күні болған қыз ұзатудан кейін халық дәрігерлерге көмек сұрай бастады.Осы мерекеден кейін 21 адам ауруханаға түсті, оның ішінде жас бала мен жүкті әйел бар. Тағы 14 қонақ амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Маусымның 8-і күні санитарлық дәрігерлер тексеруді бастап, мейрамхананың қызметіне тыйым салу туралы қаулы шығарды. Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасарының айтуынша, медициналық тексеруден өте алмағаны үшін мейрамхананың жеті қызметкері жұмыстан шеттетілген. Сол күні сағат 16.00 шамасында мекеме қызметіне тыйым салу туралы қаулы шықты.
Алайда, сол күні кешке ол жерде тағы бір мереке өтті. Бұл жолы бес адам ауруханаға жатқызылды.
Барлығы іштің ауырсынуына, диареяға, жоғары температураға шағымданды. Мейрамхана дереу қажетті сынамалар мен жағындыларды алды.
Науқастарға сальмонелла энтериті диагнозы қойылды. Бұл ашыған сүт өнімдерінде, дайын ет өнімдерінде, сонымен қатар тауық өнімдерінде кездесетін патогенді бактерия. Толық термиялық өңдеу осы патогенді флорамен күресу әдістерінің бірі болып табылады, - деді Павлодар облыстық ауруханасының жалпы инфекциялық бөлімшесінің меңгерушісі Қымбат Қарамолдина.
Әзірге инфекция көзі анықталған жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша барлық материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.