Павлодар қаласында куәгерлер ер адамның мектептердің бірінің жанында киімсіз жүгіріп жүргенін хабарлаған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады BAQ.KZ.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілген. Сондай-ақ оған жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері медициналық тексеріс жүргізген.
Азаматқа ұсақ бұзақылық әрекеті үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жолданады, – деп нақтылады полиция өкілдері.
Заңнамаға сәйкес, ұсақ бұзақылық – бұл азаматтарға тіл тигізу немесе қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер болып саналады. Мұндай құқық бұзушылық үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл, 20-60 сағат қоғамдық жұмыс немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау түріндегі жаза қарастырылған.
Еске салсақ, Ақтауда балалардың көзінше жалаңаш жүрген адам 14 тәулікке қамалған еді.