Павлодарда медициналық бұйымдар өндірісі іске қосылды

22 Қараша 2022, 18:25
1098
Бөлісу:
Павлодарда медициналық бұйымдар өндірісі іске қосылды

Ертіс өңірінде медициналық мақсатта пайдаланылатын бұйымдар өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Жеке кәсіпкер 4,2 млн. теңгенің грантын ұтып алып, жергілікті нарықта сұранысқа ие өнім шығаруды көздеп отыр. Бизнесмен бұл қаражатқа өнеркәсіптік тігін машинасы, бу генераторы, арнайы пышақ сияқты құралдар мен қажетті материалдарды сатып алған.

Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік гранттың жартысын игердік. Яғни, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алдық. Жалпы, өзіміз осындай байқауға төрт жыл қатарынан қатысып жүрміз. Биыл алғаш рет жеңіске жеттік. Жобардың барлығы инновациялық сипатқа ие болды. Бірақ, үміт үзбедік. Керісінше мол тәжірибе жинап, қателіктерімізді жойдық, - дейді кәсіпкер Ғабит Базенов.

Кәсіпкердің айтуынша, шағын цехте әмбебап медициналық сөмке, реанимациялық бригадаларға арналған сөмке, фелдшер сөмкесі сияқты өнімдер шығарылады. 

Бұл компания медициналық бағыттағы бұйымдарды шығарумен екі жыл айналысып келеді. Сапалы бұйымдар көрші елдер мен облыстың ішкі нарығына тасымалданады. Негізгі мақсат – шетелдік өнімді біртіндеп ығыстыру. 

Жоба шеңберінде бес жаңа жұмыс орны құрылады. Қазіргі уақытта кәсіпкер мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелермен тауар тасымалдау жөніндегі келісімшартқа отырған. 

Айта кетейік, пандемия кезеңінде өңірде медициналық бұйымдарды шығару қарқын алды. Мәселен, бетперде, обаға қарсы костюм тігу цехтері ашылған. 

Өзгелердің жаңалығы