Павлодарда Мәншүк Мәметованың самауыры сақталып тұр

4 Ақпан 2023, 14:00
1604
Бөлісу:
Павлодарда Мәншүк Мәметованың самауыры сақталып тұр
Фото: автордан

Ертіс өңіріндегі Әскери даңқ музейінің қорында Ұлы Ота соғысы туралы сыр шертетін жүздеген жәдігер сақтаулы. Олардың қатарында қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың самауырына да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі. 

Әскери даңқ музейінің қызметкері Жеңісбек Қадырұлының айтуынша, ерекше жәдігер 2014 жылы тапсырылған.

«Майдан жолы» іздестіру жасағының мүшесі, қоғам қайраткері Жұмабек Қамзин тарту етті. Сол жылдары Ресейдің Псков облысы Невель қаласына экспедиция ұйымдастырылды. Отряд мүшелері қазақ жауынгерлерінің ерлік жасаған жерлерін аралап, белгісіз солдатттардың жатқан жерлерін іздестірді. Ресейлік іздестірушілер самауыр туралы айтқанда, Жұмабек ағамыз рұқсат алып, самауырды бізге алып келді. Сол кезден бері құнды жәдігер музейіміздің төрінен орын алды, - дейді Жеңісбек Қадырұлы.

Мәншүк Мәметова Невель түбінде 1943 жылы ерлікпен қаза тапқаны тарихтан белгілі. 

Самауырды таныстыру барысында музей қызметкерлері батыр қыз Мәншүк Мәметованың өмірі, ерлігі мен өткен жолы туралы мағлұматтар беріледі. Мамандардың айтуынша, дәл осы самауырды көріп, ұстағысы келетін тұрғындардың қарасы қалың. 

Самауыр таза сары жезден жасалған. Шай құятын шүмегі, қақпағы, ұстағыштары бар. Яғни, әлі де қолдануға жарамды, жақсы күйде сақтаулы. Күйесі де кеппеген. 

Өзгелердің жаңалығы