Павлодарда «Көрпе Fest» этнофестивалі өтті

20 Наурыз 2021, 22:25
1574
Бөлісу:
Павлодарда «Көрпе Fest» этнофестивалі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда «Көрпе Fest» этнофестивалінің қорытындысы шығарылып, өңірдің үздік қолөнершілері марапатталды. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында жазылды.

Этно-дизайнер, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері Ырза Тұрсынзада 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың қаңтарына дейін ұлттық нақыштағы түрлі бұйымдарды тігу бойынша тегін онлайн мастер-класстар өткізген болатын. Оған Павлодар-Ертіс өңірінен 360-тан астам адам қатысты. «Көрпе Fest» этнофестиваліне қатысушылар «City cente» сауда үйіндегі көрме-сатылымда ұлттық нақыштағы 100-ден астам қолдан жасалған бұйымды ұсынған.

Фестиваль қатысушылары алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Жұмыстары үздік деп танылған қатысушыларға этнофестиваль ұйымдастырушылары ақшалай сертификаттар табыстады.

Өзгелердің жаңалығы