Павлодарда коронавирус жұқтырған тағы 3 кісі анықталды

1 Мамыр 2020, 18:40
1375
Бөлісу:
Павлодарда коронавирус жұқтырған тағы 3 кісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус жұқтырған жаңа 3 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

COVID-19 Павлодар қаласының екі тұрғынында; ол 1967 және 1981 жылы туған ер адамдарда, сондай-ақ жылы туған 1998 Екібастұз қаласында тұратын әйел адамда тіркелген.

1967 жылы туған ер адам алдын-ала ЖРВИ диагнозымен тексерілген, короновирус инфекциясы 01.05.2020 жылы талдау нәтижесі бойынша анықталған.

1981 жылы туған ер адам алдын-ала пневмония диагнозымен тексерілген, короновирус инфекциясы 01.05.2020 жылы талдау нәтижесі бойынша анықталған.

1998 жылы туған әйел 30.04.2020 жылы карантиндік госпитальге жеткізілді, короновирус инфекциясы 01.05.2020 жылы талдау нәтижесі бойынша анықталған. Инфекциялық госпитальге ауыстырылды.

Барлық  жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.



Өзгелердің жаңалығы