Павлодарда кондукторы жоқ трамвай жолға шықты

25 Қаңтар 2021, 12:24
1405
Бөлісу:
Павлодарда кондукторы жоқ трамвай жолға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен «Парасатты трамвай» акциясы басталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Акция сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасы бойынша Павлодар қаласы әкімдігі мен «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ қолдауымен жүзеге асуда. Трамвай басқармасының мәлімдеуінше, аталған трамвай №5 бағыт бойынша қатынайды. 

Трамвай күн сайын жолға шығады. Қоғамдық көлікте кондуктор жол жүру ақысын алмайды. Арнайы жәшік орнатылған. Жолаушылар сол жәшікке өздері келіп жол ақысын төлейді. Ал, вагондағы кондуктор жолаушыларға қажет болған жағдайда қайтарым ақша береді және карточка арқылы төлем жасаушылардан төлем қабылдайды, - деді басқармада.


Өзгелердің жаңалығы