Ертіс өңірінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 23 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл егістік алқаптары 1 млн. 600 мың тоннадан аспақ. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 49 мың гектарға артық көрсеткіш. Егін егу науқанына 152 мың тонна тұқым дайындалған.
«Көктемгі дала жұмыстары кезеңін кедергісіз өткізу үшін шаруаларға арзандатылған дизель отыны бөлінді. Биылғы көлем сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі мың тоннаға көп. Жанар-жағармайды тасымалдау бойынша екі оператормен келісімшарттар жасалды. Операторлық қызметті қоса есептегенде отынның бір тоннасы 228 мың теңге тұрады. Бұл – бөлшек саудадағы бағадан 39 теңгеге арзан. Қазіргі уақытта тауар өндірушілерден өтініштер қабылдау жалғасын табуда. Осы күнге дейін фермерлерге 10 мың тонна дизель үлестірілді», - дейді басқарма басшысы Марат Ақтаев.
Сала мамандары егістік жұмыстарының болжамды мерзімін атады. Олардың айтуынша, майлы және дәнді дақылдарды егу 5 мамыр-3 маусым аралығында жүргізілмек. Жалпы, науқан маусым айына дейін толық аяқталуы керек.
Айта кетейік, көктемгі дала жұмыстары барысында туындаған мәселелерде дер кезінде шешу мақсатында жедел штаб құрылды.