Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір тәулік ішінде 80-нен астам адам зардап шеккен, олардың 20-сы политравма бөліміне түсті және операция жасауды күтуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодардың бірінші қалалық ауруханасының травматология бөлімінде емделушілер саны екі есеге артқан.Көмек көрсетілгеннен кейін пациенттердің басым бөлігі амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Ең қарт адам – 80 жастағы қала тұрғыны көшеде құлаған кезде қолына сүйенген. Салдарынан жабық сынықпен №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Ең жиі кездесетін жарақаттар – білек пен тобықтың сынуы. Көбінесе көктайғақта 50 жастан асқан адамдар құлап, жарақат алады, – деді травматолог Жанболат Ғазизов.
Бүгін таңертең №1 қалалық ауруханаға облыс орталығының мұз басқан көшелерінде жарақат алған 30-ға жуық науқас келіп түсті.