Оқыс оқиға сағат 11:17-де орын алды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта жылдам жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Екі жасар бүлдіршін қазір ауруханада жатыр.
2020 жылғы ұл балаға шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауыр жағдайда бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - дейді Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, балаға ота жасалды. Ішкі қан кету тоқтатылды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр.