Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық полицейлер каннабистік топтағы есірткілерді сатумен айналысқан топты ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Есірткіні өткізумен айналысқан әкесі мен баласы туралы ақпаратты марихуана сатқан адамнан анықталып, одан 78 грамм есірткі тәркіленген.
Тінту барысында қылмыстық топтың ұйымдастырушысының пәтерінен "Браунинг" тапаншасы, 4 грамм героин, сату үшін өлшеніп оралған марихуана, екі электрондық таразы тәркіленді. Сол күні ұсталған азаматтың ұлын тінту кезінде, одан 14 ұялы телефон, 9 қапқа салынған 199 килограмм марихуана және сату үшін дайындалған пакеттер тәркіленді. Күдіктінің екінші ұлының отбасылық бизнеске қатысы бар-жоғын тексеру барысында оның үйінен 5 ұялы телефон, марихуана салынған пакеттер және үйдің төбесіне жасырылған сораның құрғақ бұталары тәркіленді, - делінген хабарламада.
Ұсталғандарға қатысты топ құрамында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаза мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта басқа адамдардың заңсыз бизнеске қатысы бар-жоғын анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр.