Павлодарда ірі салық төлеушіден бюджетке 640 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексерістен кейін Екібастұз 2-МАЭС бюджетке 640 млн теңгеден астам салықты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі анықталды.
Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданып, нәтижесінде 2-МАЭС-пен жоғарыда көрсетілген КТС сомасы бюджетке төленді.
Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.