Павлодарда індет жұқтыру көрсеткіші 2,4 есеге азайған

16 Тамыз 2020, 20:27
1526
Бөлісу:
Павлодарда індет жұқтыру көрсеткіші 2,4 есеге азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 4 аптада індетті жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай азайған. Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев мәлімдеді.

Соңғы 4 аптада өңірімізде ауру жұқтыру 26,8 пайыздан 7,2 пайызға дейін азайды. Күнделікті коронавирус індетін жұқтырушылар саны 84-тен 35-ке дейін азайып, 2,4 есеге кеміді, - деді Батырбек Әлиев.

Павлодар облысының COVID-19 жұқтырудың жаңа 3663 жағдайы тіркелген. Оның 68,9 пайызы Павлодар қаласына тиесілі.



Өзгелердің жаңалығы