Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлеріне жедел дереккөздерден жас жігіттің тыйым салынған заттарды таратумен айналысатыны туралы ақпарат түскен.
Арнайы іс-шаралар барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол Павлодар қаласы оқу орындарының бірінің 19 жастағы студенті болып шықты. Жас жігіттен ұнтақ тәрізді заты бар 13 бума тәркіленді. Бұл сараптама қорытындысы бойынша салмағы 12 граммнан асатын синтетикалық есірткі болып табылатыны анықталды. Күдікті қамауда отыр, - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Күдіктінің интернет арқылы есірткі дүкендерінің біріне курьер болып орналасуына қатысты ақпарат тексерілуде. Қаскүнем байланыссыз тәсілмен есірткі бумаларын көп мөлшерде алып, оларды өз үйінде бірреттік пайдалануға бөлшектеп салып, қала аумағындағы барлық жасырын орындарға таратқан.