Павлодарда есірткі сататын интернет-дүкен курьері ұсталды

30 Мамыр 2023, 14:36
1088
Бөлісу:
Павлодарда есірткі сататын интернет-дүкен курьері ұсталды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында есірткі сататын өңіраралық “курьердің” қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында өңіраралық “курьердің” қызметі тоқтатылды.

Арнайы операцияны жүргізу нәтижесінде Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің әріптестерімен бірлесіп есірткі қылмысына қатысы бар Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Ер адам синтетикалық есірткі сататын заңсыз интернет-дүкен курьерінің қызметімен айналысқан деген күдікке ілінген. 

Автокөліктің салонында тінту іс-шараларын жүргізу кезінде құқықтық тәртіп сақшылары жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша жалпы салмағы шамамен 1 келі синтетикалық шыққан есірткі және жалпы салмағы 0,5 грамм гашиш болып табылатын ақ зат салынған пакетті тапты, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Арсен Айғазин. 

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдікті қамауға алынды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы