Павлодарда есірткі притоны жойылды

3 Наурыз 2023, 13:10
654
Бөлісу:
Павлодарда есірткі притоны жойылды
PHOTO
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі құралдарын пайдалануға арналған притонды жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

 Қабылданған шаралар нәтижесінде полицейлер заңсыз есірткі мен заттарды бірлесіп пайдалану үшін нашақорларға өз тұрғын үйін жүйелі түрде берді деген күдікке ілінген 37 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады. 

Павлодарда есірткі притоны жойылды

Тінту іс-шаралары барысында тұрғын үй-жайда жедел қызметкерлер шприцтерді, бос құтыларды, күйе іздері бар ыдыстарды, сондай-ақ есірткіні пайдалану үшін қолданатын өзге де заттарды тауып, тәркіледі.

 Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды,- деп хабарлады Павлодар облысы ПД ЕҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Арсен Айғазин.

Өзгелердің жаңалығы