Павлодарда ер адам суға батып кетті

24 Тамыз 2021, 06:19
2498
Бөлісу:
Павлодарда ер адам суға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында Ертіс өзенінің жағалауында 38 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, суға кеткен ер адам мас болған. Оны сол жердегі куәгерлер растаған. 
Құтқарушылар бригадасына кешкі сағат 20:30-да ер адамның суға батып кеткені туралы хабар келіп түсті. Белгілі болғандай ол өзеннің жабдықталмаған жерінде суға шомылған, - деді Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға офицері Сабыржан Тастембеков.
Суға кеткен ер адамды іздеу жұмыстары таңертең жалғасады. 

Ведомства өкілдері оқыс оқиға орын алған жерде құтқарушылар тобынан 11 адам жұмыс істегенін айтты.

Мамандар тұрғындарға судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы